KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 7 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

14 жастағы жеткіншек көлік иесінің кінәсінен жол апатына түсті

7.10.2013, 18:00 191


Шығыс Қазақстанда бір күннің ішінде екі бірдей жаяу жүргінші аурухана төсегінен бір-ақ шықты , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыс орталығындағы Новаторов көшесі бойында жолды рұхсат етілмеген жерден өтпек болған ер адам Hyndai Santa Fe шетелдік көлігінің доңғалағының астына түсті. Жол апатының салдарынан жаяу жүргіншінің бұғанағы мен тізесі сынып, ауруханаға жеткізілді.

Ал Аягөз ауданында 14 жастағы жеткіншек көлік иесінің кінәсінен жол апатына түсті. Мыңбұлақ-Шынқожа автожолының бойында Мазда 626 көлігінің жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырудың кесірінен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Зардап шеккен оқушы көптеген дене жарақаттарымен емдеу орнына жатқызылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив