KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Құтқару жұмыстарының проблемалары талқыланды

26.09.2013, 18:00 178


2013 жылғы 26-27 қыркүйек аралығында Алматы облысының Талғар ауданында Қазақстан ТЖ министрі В.К. Божко мен Қырғызстан ТЖ министрі К.А. Бороновтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің үшінші бірлескен алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғызстан Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтық қорғаныс (қорғау), төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру шеңберінде екі елдегі Төтенше жағдайлар министрліктерінің бірлескен отырыстарын өткізу 2009 жылдан басталды.

Құтқару жұмыстарының проблемалары талқыландыБірлескен алқа отырысын өткізу барысында екінші бірлескен отырыс шешімдерінің орындалуы талқыланды. Тараптар селдердің, көшкіндердің, сырғымалардың алдын алу саласында, ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу жөніндегі мәселелерді қарады. Іргелес жатқан аудандарда бірлескен авариялық-құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу, құқарушы-сүңгуірлерді даярлау, екі елдегі ТЖМ психологиялық қызметінің төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға шұғыл психологиялық көмек көрсету жөніндегі қызметі кезіндегі өзара іс-әрекет мәселелері бойынша сөз қозғалды.

Құтқару жұмыстарының проблемалары талқыландыОтырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ мен Қырғызстан Республикасы ТЖМ бірлескен үшінші алқа отырысының хаттамасына қол қойылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив