KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Күршімдік балықшыларға Зайсан көлінен балық аулауға рұхсат етілмеген

22.09.2013, 18:00 209


Күршім ауданы балықшыларының Зайсан көлінен балық аулауға мүмкіндіктері жоқ, өйткені рұқсат етілмейді, балық аулауға тендер өткізілмепті. Балық аулаудан басқа кәсібі жоқ үш-төрт ауылдың адамдары сегіз айдан бері сергелдеңге түскен, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Күршімде өткен облыс әкімдігінің кезекті көшпелі мәжілісінде аудан әкімі А.Сейітов осы проблеманы алға тартты. Жылдың басынан бері міне, сегіз ай болды Аманат, Шеңгелді, Балықшы секілді елді мекендер тұрғындарының дәл іргесіндегі қол созым жерде тұрған Зайсан көлінен сазан сүзбек түгілі шабақ ұстауға мүмкіндігі болмай отыр. Себебі, рұқсат берілмейді, балық аулауға тендер өткізілмепті.

Ал балық аулаудан басқа кәсібі жоқ бұл үш-төрт ауылдың адамдары сегіз айдан бері сергелдеңге түсіп, аудан әкімінің табалдырығын әбден тоздырған. Міне, осы және өзге де мәселелерді шешуге қолдау көрсетуді сұраған А.Сейітовтің өтінішін мұқият тыңдаған облыс басшысы қолдан келгенше көмек көрсетілетінін тілге тиек ете келе, келешекте шетелдік инвесторлармен бірлесіп Ертіске көпір салынатынын, балықшылардың үнін жоғарыға жеткізетінін айтты.

Серік Әбілхан

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив