KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

"Біле тұра орындамайды" – Тарбағатай ауданы

23.09.2019, 10:26 117

Тарбағатай ауданында құтқарушылар көл жағалауына рейдке шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күз басталса, Зайсан көлінен балық аулайтын әуесқойлар саны артады. Олардың жаз бойы арнайы құрал-жабдықтарын алып, осы маусымға дайындалатыны жасырын емес.

– Олар, өкінішке қарай, көп жағдайда балық аулауға қажетті жабдықтарды алады, ал құтқару құралдарын ескермейді. Кез келген шалт қимыл оқыс оқиғаға апаратынын біле тұра, арнайы кеудеше кимейді. Иә, күзде балық аулаған қызық, бірақ соншалықты қауіпті, – дейді аудандық төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушысы.

Оның айтуынша, қайықтың бортында бір орыннан екінші орынға және бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға болмайды;

жеке құтқару құралдары (құтқару жилеттері, белдіктері) қайықтағы адамдарға киілуі керек:

ішімдік ішуге тыйым салынады;

балық аулауға түнгі уақытта шығуға болмайды.

– Оқыс оқиға болған кезде «112» нөміріне хабарласу керек, – дейді құтқарушы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив