KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі бірдей автокөлік аударылды

18.09.2013, 18:00 214


Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі бірдей автокөлік аударылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының ақпаратына сүйеніп.

Жол сақшыларының айтуынша, Катонқарағай ауданының Солоновка ауылының маңында Ваз-2106 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, темір тұлпарын аударып алған. Жол апатының салдарынан көлік иесі әртүрлі жарақат алыпты.

Тағы бір қайғылы оқиға Таңсық-Ақтоғай жолының 5-шақырымында тіркелді. Тойота Люсида көлігінің қожайыны жылдамдықты шамадан тыс асырамын деп, мәшиненің аударылуына жол берген. Бұл көлік оқиғасында салондағы екі жолаушы зардап шекті.

Жол полициясы қызметкерлерінің мәліметтері бойынша , жыл басынан бері жылдамдықты шамадан тыс асырудың кесірінен 302 жол-көлік апаты тіркеліп, онда 57 адам қайтыс болды, тағы 395 адам жарақат алған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда жол апаттарының 54 пайызға артқанын көрсетеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив