KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Семейде қазақстандық жас суретшілердің көрмесі ашылады

16.09.2013, 18:00 189


ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы «АртСапар» жастар бірлестігімен бірлесіп, қазақстандық жас суретшілердің көрмесін ашады. Қазақстандағы алғашқы жылжымалы жобаны ұйымдастыруға мұрындық болған Темірбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер Академиясының түлектері, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер Академиясының бакалавр, магистрлері жастықтарына қарамастан танымал республикалық және халықаралық сайыстардың қатысушылары, біреулері Қазақстан суретшілері Еуразия дизайнерлері бірлестігінің мүшелері және алғашқы Президент қорының гранты иегерлері.

Семейде қазақстандық жас суретшілердің көрмесі ашыладыӨнер мұражайының баспасөз парағында көрсетілгендей, «Арт Сапар» тобына бірлескен жас қазақстандық суретшілердің ұраны- шығармашылықтың бақыты мен қиындығын кеше жүріп, дәстүрлер және уақытты үйлестіре отыра жетістікке жету. Еуропалық шеберлердің станокті кескіндеме тәжірибелеріне және көпғасырлы ұлттық дәстүрлерге сүйене отыра, бейнелеу өнері арқылы туған жер және оның тарихын талғайды. Егеменді Қазақстан жайлы көзқарастарын жеткізеді.

Семейде қазақстандық жас суретшілердің көрмесі ашыладыКөрмеде жас бірлестіктің шығармашылығын бейнелеу өнерінің әр түрлі қырларында көрсетілген 156 жұмыс ұсынылған.

Сонымен қатар «Арт Сапар» мен жергілікті суретшілер қала тұрғындарының портреттерін салу акциясын өткізбек.

Соңынан «Арт Сапар» тобының мүшелері Семейдегі шығармашылық мамандықтарды таңдаған студенттермен шебер-сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив