KZ
Өскемен
-4°
ясно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

15-қыркүйекте емделушілердің өз еркімен алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу науқаны басталады

12.09.2013, 18:00 280


Қазақстан Республикасы бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін еңгізу аясында 2013 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында емделушілердің өз еркімен алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу науқаны жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыпу орталығының мәліметіне сілтеме жасап.

Әрбір азамат тек бір ғана амбулатория немесе поликлиникаға тіркеле алады.

Азаматтарды поликлиника мен дәрігерлік амбулаторияға тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік (елді мекен) ішінде ерікті таңдау негізінде дәрігерлік ұйымда жүзеге асырылады.
Тіркеу талоны азаматтың поликлиника, дәрігерлік амбулаторияға тіркеліп, кепілді көлемдегі тегін дәрігерлік көмек алуын дәлелдейтін құжат.

Тіркелу талоны тіркеу орнында беріледі.

Поликлиникаға тіркелу үшін жеке куәлігі және тіркеу орны ауыстырылған жағдайда поликлиникадан бекіту қағазы болу керек.

Тұрғылықты орынға тіркелу талап етілмейді.

Поликлиникаға электронды өкімет арқылы www.egov.kz сайт көмегімен тіркелуге болады. Егер бұрын басқа ұйымда тіркелген болсаңыз, бекіту мәліметі электронды түрде жүргізіледі.

Егер Сізді бекітілген поликлиника немесе дәрігерлік амбулатория жұмысы қанағаттандырса, сол жылы тіркелу бағдарламасына қатыспасаңыз да, дәрігерлік ұйым қайтадан осы ұйымның қарамағында қалдырады.

Азаматтардың поликлиниканы, дәрігерлік амбулаторияны ерікті таңдау үшін дәрігерлік ұйым төмендегідей мүмкіндіктерді Сізбен бірге талқылауға құқылы:
- азаматтарға үйде қызмет көрсету, өйткені поликлиниканың, дәрігерлік амбулаторияның қызметі аумақтық принципке негізделеді;
- азаматтың аталған поликлиникаға тіркелуі аталған дәрігерлік ұйымда тұрғындардың тіркелуі нормадан артық болған жағдайда.
Алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек ұйымдарда азаматтың тіркелуін өзгертуі:
- жылына бір реттен көп емес азаматтың дәрігерлік ұйымға ерікті тіркелу кезінде;
- тұрақты немесе уақытша тұратын орнын, қызметін, оқуын өзгерткенде;
- поликлиника, дәрігерлік амбулатория қайта құрылғанда немесе жойылғанда жүзеге асырылады.



Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив