Семей қалалық Достық үйінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы-халық бірлігінің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Семей қаласының ішкі саясат бөлімі хабарлағандай, бұл шараға қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Г.Ж. Смаилова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Г.Г. Хамитова, жоғары оқу орындарының және колледждердің оқытушылары, қалалық мұрағаттың маманы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, шараға тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының ғылымына еңбегі сіңген қызметкер, әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының директоры А.П. Коновалов шақырылды.
Аталған баяндамаларды талқылау барысында Негізгі Заңның баптары оқылды. Әлеуметтанушылар маңызды мәселелерді қозғады. Тәуелсіздік жылдарында жеткен Ұлы жетістіктерге шолу жасалынып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың баға жетпес үлесінің арқасында аз уақытта әлемдік саяси сахынадан ойып орын алған мемлекетіміз туралы сөз қозғалды.
Іс-шараның негізгі түйіні - Қазақстан Республикасының Конституциясын халық бірлігінің кепілі және белгісі ретінде қарастыру.
Дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша орталық қалалық кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырылып, баяндамаларды оқу барысында видеосюжеттер көрсетілді.