KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Семейде діни ағарту жұмыстары жаңа бағыттармен жүргізіледі

18.03.2013, 18:00 117


Семей қаласында ішкі саясат бөлімі мен Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ұйымдастыруымен «Діни ағарту жұмыстарын жүргізудің жаңа бағыттары» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінінде хабарлағандай, жиын барысында ШҚО дін істері департаментінің, қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, қалалық мешіт және шіркеу қызметкерлері, қала мектептерінің дінтану пәнінің мұғалімдері діни ағарту жұмыстарын жүргізуде жаңа бағыттар табуға тырысты.

Ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Смаилова аталған жұмыстардың жастар, әсіресе мектеп оқушыларының арасында жүргізілуі маңызды екенін атап өтті.

ШҚО дін істері департаментінің маманы Гүлайым Нұрғалиева мемлекет пен дін арасындағы облыстағы дін саласында атқарылып жатқан қызметтер туралы баяндады.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қала мектептерінің дінтану пәнінің мұғалімдері арасында өзара тәжірибелік байланыс орнату, ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын мектептерде жандандыру, әлеуметтік зерттеулер жүргізу, қалалық Орталық мешіт қызметкерлерімен байланыс орнату, мектептерде діни қызметкерлермен кездесулер ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив