KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Семей ядролық полигонының жабылуына 22 жыл толуына орай Семей қаласында шетелдік қонақтардың қатысуымен іс-шаралар жоспарланып отыр

27.08.2013, 18:00 212


29-тамыз - Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күні, Семей ядролық полигонының жабылуына 22 жыл толуына орай Семей қаласында шетелдік 22 қонақтың қатысуымен іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Полковничий аралында «Өлімнен де күшті» Мемориалының алдында Семей сынақ полигонындағы сынақтардың тоқтатылуына 22 жыл толуына орай митинг өтеді. Бұл жерде жиналғандарға Семей сынақ полигонына арналған тақырыптық көрме, «Бейбітшілік мұражайы» құрылысы жоспарының тұсаукесері ұсынылады. Шығысқазақстандықтар АТОМ жобасының петициясына қол қояды.

Осы күні Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінде жоспарланған «Экология.Радиация. Денсаулық» атты IX халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында радиациалық экология мен радиациялық қауіпсіздік, экологиялық жағымсыз аймақтардағы клиникалық медицинаның өзекті мәселелері, медицинадағы зертханалық диагностиканың заманауи проблемалары, экологиялық жағымсыз аумақта тұратын тұрғындарға медициналық көмекті ұйымдастырудың жолдары талқыланады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив