Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін қайта жандандыру мектебі тегін тіл курстарына тыңдаушыларды шақырады. Бұл жерде қазақ, ағылшын, неміс, белорусь, украина, азербайжан, қытай, корей, татар, шешен, армян, түрік және орыс ( оралмандар үшін) тілдері тегін оқытылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерін жедел меңгерем деушілердің топтарына да жазылуға болады. Мұндай топтарда сабақ аптасына екі рет, барлығы 120 сағат оқытылады.
Дәріс тыңдағандарға мемлекеттік үлгідегі сертификаттар тапсырылады. Тыңдаушылардың жасына шек қойылмайды.