KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Филолог мұғалімдердің I облыстық Форумы филологиялық білім берудегі өзекті мәселелерге арналады

28.04.2013, 18:00 191


Ертең, 30-сәуірде Шығыс Қазақстан облысының филолог мұғалімдерінің «Филологиялық білім берудегі өзекті мәселелер мен даму болашағы» атты I облыстық Форумы өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жанболат Санияздың айтуынша, форум жұмысына ШҚО-ның жоғарғы оқу орындарының филолог-ғалымдары, әдістемелік кабинеттің жетекшілері, білім бөлімдерінің өкілдері, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік тілдерінің мұғалімдері және соңғы 3 жыл көлемінде ҰБТ-дан жоғары көрсеткіш көрсеткен үздік ұстаздар, конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары шақырылып отыр.

Форумның пленарлық бөлімінде ШҚО білім басқармасының басшысы М. Ахметова, Ұлағатты ұстаз Қ. Бітібаева, филология ғылымдарының докторы Ш. Құрманбаева филологиялық білімді жаңғыртудың негізгі бағыттары және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің жағдайы, даму болашағы жайында баяндайды.

Баспасөз хатшысы мәлімдегендей, алқалы басқосу аясында озат мұғалімдердің қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша шеберлік сыныптарын өткізуі де жоспарланған.

Форум соңында қатысушылар Шығыс Қазақстан облысындағы филологиялық білім беруді дамыту бағыты бойынша Үндеу қабылдайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив