Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылдық кітапханасында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты кітаптар көрмесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шара барысында аталған тақырып бойынша жиналған материалдарға шолу жасалды, әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, оқырмандар Берел қорық-мұражайы туралы республикалық, облыстық баспасөздерде жарық көрген мақалаларды оқыды.
– Аталмыш шараның мақсаты – өзіміздің ауылымыздың тұрғындарын әлемге танымал Берел қорық-мұражайы және сол жерде жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары жөніндегі материалдармен таныстыру, кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, алдағы уақытта Берелде өткізілетін халықаралық фестиваль жөнінде қысқаша мағлұмат беру, – дейді шараның ұйымдастырушысы, кітапханашы Гауһар Жұртбаева.