KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.72 482.28 4.9

Өскемен қаласында амфитеатрда «Күлкі керуені» ойындарының жабылу салтанаты өтеді

14.08.2013, 18:00 166


15-тамызда Өскемен қаласында амфитеатрда «Күлкі керуені» ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Оған Астана, Қызылорда, Орал және Семей қалаларының құрама командалары шақырылып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тамыз айының 9-15 аралығында көңілділер мен тапқырлар клубының ойындары облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткен болатын. ШҚО жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасы мен ШҚО жастар орталығының бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара «ШАМ» жобасының аясында жүзеге асты.

Республиканың үздік командаларының қатысуымен ашық аспан астында өтетін мерекелік кештен соң облыстың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен жастарға тақырыптық дискотека ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Мерекелік шара сағат 20-00-де басталады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив