KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

Тоғызқұмалақтан ашық чемпионатта шығысқазақстандық ардагерлер үздік шықты

12.08.2013, 18:00 237


Павлодар облысындағы Жасыбай көлінің жанындағы демалыс базасында ардагерлер (ерлер мен әйелдер) арасында тоғызқұмалақтан республикалық жекелей ашық чемпионат өтті. Оған Шығыс Қазақстаннан аттанған алты тоғызқұмалақшының үшеуі үздік шығып, жүлделерімен жанкүйерлерін қуантты , деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Бұл сынға еліміздің әр түкпірінен келген 47 үміткер қатысты.

Сонымен төрт күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша 60 жастан асқан ерлер арасында біздің өңірдің ойыншылары А.Биділманов бірінші, Б.Жұмәділов үшінші орындарды жеңіп алса, 40-60 жас аралағындағы әйелдер бәсекесінде шығысқазақстандық Г.Қилыбаева жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.

Сайыс жеңімпаздары тиісті орындарына қарай алтын, күміс және қола медальдармен, дипломдармен, сондай-ақ, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мәуітқазы Зүкенов

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив