KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Шығыстың тоғызқұмалақшылары ел Чемпионатынан жүлделі оралды

2.04.2013, 18:00 189


Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан 10, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Тартысты бәсекеде шығысқазақстандық спортшылар жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа еліміздің 14 облысынан, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 274 спортшы қатысып, шапшаң және классикалық жүйе бойынша сынға түсті.

10 жастағы ұлдар арасында 45 тоғызқұмалақшы өз өнерлерін көрсетті. Солардың арасында бірінші орынды қызылордалық Бексайыр Айтмаханов иеленсе, екінші орынды біздің облыстан Ерасыл Дулатұлы еншіледі. Павлодарлық Жұмағали Сырымдат үшінші орын алды.

Шапшаң ойын олимпиялық жүйемен өткізілді. Жарыстың бұл түрінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары мықтылығын дәлелдеді. 10 жастағы ұлдар арасында осы облыстың спортшылары Жарылқасын Беркімбаев пен Жанарыс Акбар бірінші, екінші орындарға ие болды. Біздің облыстан Арнат Жағаппаров үшінші орынды иеленді.
12 жастағы ұлдар арасында да оңтүстікқазақстандықтар Батырбек Бейбарыс пен Жақсыбек Нұрсат топ жарды. Біздің облыстан Аслан Әсетов үшінші орынға табан тіреді.

14 жастағы қыздар арасында біздің облыстан Зере Кеңесова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілсе, одан жоғары сатыларға Қызжібек Әбілда (Қызылорда), Гүлнәр Базаралиева (Астана қаласы) шықты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Спорт және денешынықтыру істері агенттігі атынан медальдармен, дипломдармен, Оңтүстік Қазақстан облыстық тоғызқұмалақ федерациясы мен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz


Шығыс-Ақпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив