KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Үздік тоғызқұмалақшылар - Семейде

10.06.2013, 18:00 168


Астана қаласының кубогы үшін тоғызқұмалақтан «Жас үміт» атты жасөспірімдердің республикалық жарысы аяқталды. Сайыстарда Шығыс Қазақстанның намысын қорғаған семейлік спортшылар үздік шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тоғыз жастағы қыздар арасында А.Оралбекова бірінші орынға ие болса, 11 жастағы ұлдар арасында да семейлік А.Жағыпаров жеңімпаз атанды. 14 жастағы қыздар арасында К.Әбілда топ жарды.

Бұл жарыс елімізде тоғызқұмалақтың бұқаралық сипатын арттыру, ең үздік жасөспірім спортшыларды анықтау, зияткерлік бастамаларды дәріптеу мақсатында өткізілді.

Тоғызқұмалақ соңғы жылдары елімізде жоғарғы қарқынмен дамып келеді. Ақмола облысында ғана бұл ойынмен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға таяп қалыпты.

Төрт күнге созылған жарысқа 25 команданың құрамында 156 спортшы қатысты. Солардың арасында 20-ға жуық спорт шеберлігіне үміткерлер мен ел чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де болды. Жарыс жекелей және командалық есепте жас ерекшеліктеріне қарай 9, 11 және 14 жастағылар арасында өтті.

Біздің облыстың намысын қорғаған семейлік спортшылар үздік шыққандар қатарынан орын алды. Тоғыз жастағы қыздар арасында А.Оралбекова бірінші орын-ға ие болды. 11 жастағы ұлдар арасында да семей-лік А.Жағыпаров жеңімпаз атанды. 14 жастағы қыздар арасында К.Әбілда топ жарды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің барлығы естелік сыйлықтармен, медальдармен, грамоталармен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив