KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Семейлік тоғызқұмалақшы жеңімпаз атанды

19.02.2013, 18:00 204


Павлодар каласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы республикалық чемпионат мәреге жетті. Бұл жарыста семейлік тоғызқұмалақшы Алмаз Жақсылықов үздік өнер көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарысқа 13 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 104 спортшы қатысты. Жарыс швейцар жүйесімен, классика, шапшаң және рапид түрлері бойынша өткізілді.

Жекелей біріншілікте Қазақстан Республи-касының бір еңбек сіңірген спорт шебері, 10 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 спорт шебері сынға түсті. Осындай саңлақтардың арасында тоғызқұмалақ ойынының шапшаң түрі бойынша Алмас топ жарды. Жеңімпазды бұл жарысқа жаттықтырушысы Гүлжанат Нұрсұлтанова даярлады.

Екінші орынды Серік Ақтаев (ОҚО) еншілесе, үшінші орынды Сәбит Сапарбеков (ОҚО) пен Нұрбек Құрманов (Астана) бөлісті.
Сондай-ақ, ерлер арасында классика түрінен бірінші орынды Жанат Қаймолдин (Павлодар) жеңіп алды. Ал қыздар арасында классика және шапшаң түрлерінен Әсел Далиева (Қызылорда) үздік шықты.

Рапидтан ерлер арасында Ғалымжан Темірбаев (ОҚО), қыздар арасында Роза Раимбекова жеңіс тұғырының жоғары сатысына көтерілді.

– Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің алған медальдары бойынша біздің облыс биылғы чемпионатта төртінші орынға көтерілді. Мұның өзі өңірімізде тоғызқұмалақтың қайта өрлеу үстінде екенін көрсетеді. Ал Қызылорда,
Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары бірінші үштіктен көрінді, – дейді Шығыс Қазақстан облысының тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы Гүлжан Қилыбаева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив