KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Семейде жұмыртқа өндіріле бастады

12.08.2013, 18:00 180


Семейде жұмыртқа (он данасы) 120 теңгеден сатылымға шықты. Жақында ғана іске қосылған «Ақтөбе-Ертіс» фабрикасының арзан өнімдері әзірше қаланың сегіз сауда нүктесінде сатылып жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстанның өзге қалаларында жұмыртқа бағасы шарықтап тұр. Семейлік кәсіпкерлер өз бастамаларын
жақсы жолға қоя алса, бұл арзан өнімді өзге өңірлерге де шығаруға мүмкіндік мол. Бұрындары Семейге жұмыртқа Ресейден тасымалданатын. Бұл өнімнің бағасын тұрақтандыру үшін қалалық әкімшілік те біршама шаруалар атқарды.

2011 жылдың ортасына дейін Семейде жұмыртқамен қамтуда түйткіл болған жоқ. Өнімді жергілікті ірі құс
фабрикасы шығарып келді. Бір жарым жыл бұрын «Семей құс» ЖШС жұмыртқа өндіруді тоқтатып, тікелей құс етін шығаруға көшті. Сөйтіп, Семейде жұмыртқа азайып кетіп, есесіне құс еті молынан өндірілді. Ал Ресейден келетін жұмыртқалардың бағалары көлікпен жеткізу есебінен қымбат болып, тұтынушылар оның үстіне 20 күн бойы тұрған жұмыртқаларды алуға мәжбүр болды. Талап бойынша жұмыртқа кем дегенде он күн бойы ғана сақталуы керек.

Жұмыртқа өндірісін жолға қойған «Ақтөбе-Ертіс» ЖШС енді міне, тұтынушыларды арзан да сапалы өз өнімімен қамтып отыр. Жобаға «Ертіс» ӘКК тарапынан 147 млн. теңге бөлінді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан да несиеге 201 млн. теңге қаржы қарастырылды. Кәсіпорынның өз есебінен жұмсалған қаржы 153 млн. теңге болып, жобаның жалпы құны 501 млн. теңгені құрады.

– Біз күніне 25 мың жұмыртқа өндіреміз, – дейді «Ақтөбе-Ертіс» ЖШС-нің бас технологы Амангелді Қабы-кенов. – Өнім сол күні-ақ өтіп кетеді. Жергілікті өнімді тек 2-3 күн ғана сақтауға болады.

Сапалы өнімді халық қана емес, бүгіндері жергілікті кәсіпкерлер де сатып ала бастады. Олар Семейдің маңындағы ауылдар мен аудандарға тасып жеткізуде. Сөйтіп, Семейдегі жұмыртқа фабрикасы іске қосылған күннен бастап өнімдері қызу саудалану үстінде.

– Бүгінге дейін қала дүкендерінде жұмыртқаның бағасы 200 теңгеге дейін жеткен еді, – дейді ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Ауданбек Қаратаев. – Негізінен көрші елдерден келетін. Енді мына фабрика жылына 24 млн. дана жұмыртқа өндіреміз деп отыр. Осының арқасында қала халқын толықтай қамтитын боламыз.

Қазір қаладағы «Семей» супермаркеті, «Нива», «Титов-146», «Квартал», «Колос», «Маяк» және «Айнұр» дүкен-дерінде тұрақтандыру қорының өнімі ретінде 120 теңгенің жұмыртқалары сатылуда.

– Біз «Ертіс» ӘКК-нің еншілес кәсіпорны «Ақтөбе-Ертіс» фабрикасымен келісімшартқа отыру арқылы, тұрғындарды сапалы өніммен қамтуды қолға алып жатырмыз, – дейді «Шығыс-Самғау» ЖШС директорының орынбасары Талғат Мұратов. – Жұмыртқа іріктелген, бірінші, екінші сұрыпты болып шығарылмақ. Бірінші күннен байқағаны-мыз тұтынушылардың сұранысы ерекше болды.

Қалалық әкімшілік «Ақтөбе-Ертіске» «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндігін пайдалануды ұсынып отыр. Себебі, жұмыртқа өндірушілерге электр энергиясы үздіксіз болуы қажет екен. Осы бағдарлама
аясында мемлекет кәсіпорынды қажетті инфрақұрылымдармен қамтып, өндіріске сапалы технологияларды енгізуге жол ашпақ.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив