Семей қаласының білім бөлімі мен облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың туғанына 168 жыл толуына орай абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметхановтың ескеткіші алдында « Әлем таныған тұлға» атты әдеби- сазды танымдық сағаты өткізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Мерекелік кешке зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар жиналды. Шара барысында жас дарындар өздерінің мағыналы сөздері мен жыр шумақтарын оқып, ән-жырдан шашу шашты.
Бүгінгі бала, ертеңгі азаматты жас кезінен парасат биігіне, рухани өмірдің әлеміне жетелеу үшін, олардың құлақтарына бесік жырын, ана әлдиін сіңіріп, туған халқын сүйетін, дінін, тілін қастерлейтін, мейірімді, шыншыл азамат болып қалыптасу үшін осындай танымдық сағаттар өткізіп тұрудың пайдасы өлшеусіз екені даусыз.
Н. Байсарина