KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында әдеби-танымдық кеш өтті

19.05.2015, 18:00 179



Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы Халықаралық мұражайлар күніне орай әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды. Адамзаттық мәдениет пен ұлттық құндылықтарды сақтаушылар мен насихаттаушылардың бұл кәсіби мерекесі 1977 жылы Халықаралық мұражайлар кеңесінің бас конференциясында бекітілген болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымнын, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелен ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына баулиды.
Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында әдеби-танымдық кеш өтті

Халықаралық мұражай күніне орай ұйымдастырылған кеш Абай қорық-мұражайы директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

Кеш барысында ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі М.Мұхамедова «Абай мұражайының экспозициялары» тақырыбында баяндама жасады.

Семей «Халықтық» ақындар орталығының жетекшісі, ҚР Мәдениет қайраткері Д.Омарбаева «Мұражайым» атты арнау өлеңнің ізгі ниетпен көпшілік қауымға ұсынды. Құттықтау сөз алған қала оқу орындарының ұстаздары ақ тілектерімен бөлісті. М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері Н.Төлеубайқызы, Е.Тұрар, Д.Ағзамова, Е.Мәнненқызы, қалалық мәдениет сарайының әншісі Ж.Шарипов өз өнерлерін көрсетіп, Чернышевский атындағы №1 мектептің оқушысы Н.Бочкарев жырдан шашу шашты.

Кешке қаланың зиялы қауым өкілдері, музей қызметкерлері, студенттер қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив