KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Өскеменде жаңа мүсіндер ашылатын күн жақын

6.08.2013, 18:00 224


Өскемен қаласындағы Күленов атындағы ауылға бұрылатын Самар тасжолы көшесінің бойында көрнекті қоғам қайраткері Ахат Күленовке ескерткіш-бюст қойылады. Қазіргі кезде қайраткерге қойылатын бюсттің орнын көріктендіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала әкімі Темірбек Қасымжанов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты бюст орнатылатын алаңқаймен таныстырып, оның көріктендірілу жұмыстары туралы баяндады. Облыс басшысы ескерткішті белгіленген алаңқай-
дан гөрі тура шетінде тұрған дөңеске орналастыруды қолайлы көретіндігі жайлы пікірін айтты. Алайда, жобалаушылар қаланың бас жоспары бойынша дөңестің шетінен жол түсетіндігін атап өтті. Яғни, келешекте бой көтеруі тиіс бюсттің сол қанатымен өтіп жатқан қазіргі жол бекітіліп, оң жағынан өтетін жаңа жол салынбақ. Мұндай жағдайда бюст жолаушыларға жауырынын беріп тұрып қалады.

– Бас жоспар бойынша жол бюсттің арғы бетінен өтер болса, орнатқан ескерткішіміз адамдарға арқасын беріп
тұрады. Мұны неге ойластырмадыңыздар? – деді сәулетшілерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы Е.Славскийге, Қ.Қайсеновке, А.Пушкинге қойылған бюсттердің көпшілік көңілінен шыққанын атап өтіп, бюстті шағындау алаңқай болса да қала көркін ашарлықтай көркем етіп орнатуға болатындығын ескертті.

– Сәулетшілер жұмысты алдын ала мүлдем ойластырмайды. Бас жоспар бойынша жолдың ауыстырылатынын білгенде, Күленовке қойылар бюстті дөңеске қою керек еді. Әйтпесе, мүлдем басқа орынға қоюды қарастыру қажет, – деді өңір басшысы.

Мүсіншілердің айтуынша, Ахат Сәлемхатұлының бюсі 1,7 метр болса, тұғыртасы 4 метр болмақ. Аймақ басшысы биыл 70 жылдық мерейтойы өтіп жатқан көрнекті жазушы Оралхан Бөкейге қойылатын ескерткіш орнымен танысты. Облыс орталығының Комсомол және Өтепов көшелерінің қиылысында ескерткіш орын тебетін алаңқайды көріктендіру жұмыс-тары басталып кетіпті. Ескерткіштің жанындағы тұрғын үйдің биіктігі 20 метрге жуық болса, Орағаңның мүсіні тұғыртасымен бірге есептегенде 7 метрге жақын болмақ. Маңайында гүлзары, орындықтары мен шамдалдары болады. Жалпы, аталған ескерткішті 25 тамызда ашу жоспарланып отыр. Бұл орын ЖМК ықшам ауданындағы көрнекті шағын демалыс орындарының біріне айналмақ.

Облыс басшысы орталық Мәдениет үйінің алдында бой көтеретін А.Протозановтың ескерткіші орналасатын алаңқайдағы құрылыс барысымен де танысты. Мүсіншілердің айтуынша, табанындағы тасынан жоғары есептегенде ескерткіштің биіктігі 4 метрді құрайды. Жұмысшылар құм үстіне тас төсеуіштерді төсеп жатыр екен. Электр желілері тартылған. Алда-ғы уақытта алаңқайға орындықтар қойылып, жарықтандырылады. Үлбі өзенінің жиегінде болғандықтан, бұл орын да қалалықтар мен қонақтардың сүйікті орнына айналады деп күтілуде. Ескерткіш қала күнінде ашылмақ. Аталған мүсіндердің барлығын белгілі мүсінші Владимир Самойлов құяды.

Думан Анаш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив