KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Семей тұрғыны мүгедек адамның ақшасын иемденбек болды

11.07.2013, 18:00 118


Семей қаласында 59 жасар ер адам, 2-топ мүгедек, одан белгісіз адам алдау арқылы ақшасын иемденбек болды деп хабарласты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, ағымдағы жылдың 9-шілдесінде өзін банкі маманы деп таныстырған белгісіз ер адам оның ұялы телефонына қоңырау шалып, несие алу үшін берген сұранысы расталды және несие ресімдеу рәсімін аяқтау үшін белгілі абоненттік нөмірдің есепшотына 1000 теңге көлемінде ақша салу керек деп, алдау арқылы оның ақшасын иемденбек болған.

Оны алдап жатқанын түсінген ер адам, тұтқаны қойып, полицияға хабарласқан.

Полиция қоңырау шалған тұлғаны жедел анықтады. Ол 24-жасар, банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істейтін, М. атты азамат болып шықты. Ол қылмыстық әрекетін мойындады.

«Алаяқтық жасауға оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив