KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Теректіде су құбырлары тартылады

9.07.2013, 18:00 122


Көкпекті ауданындағы Теректі елді мекенінде 2012 жылдан бастап «Ақбұлақ» бағдарламасы қолға алынған. Қазір бағдарламаның бірінші кезеңіне сәйкес, 40 және 20 метрлік екі скважина орнатылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Соңғы уақытта су қорын зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, яғни, екінші кезеңде ауыл ішіне екі шақырым су құбырлары тартылмақ. Ал республикалық бюджеттен көшелерді жарықтандыру үшін бөлінген 774 мың теңгеге 10 электр бағандары орнатылды.

Бүгінде «Теректі» шаруа қожалығы суармалы жерлер алқабын 1100 гек-тарға ұлғайтқан. Сондай-ақ, аталған қожалық Дәулет каналын өз иелігіне алып, ол үшін 10 миллион теңге инвестиция құйды. Қазірде бұл жерде жөндеу жұмыстары басталып та кеткен.

Эльмира Тайырқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив