Атом саласының қызметкерлері белсенді дауыс беруде
Өнеркәсіптік қала Өскеменде референдум барысында атом саласының мамандары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстанның орталығы Өскемен қаласында алып зауыттар мен өндірістік кәсіпорындар орналасқанын ескерсек, референдумға салалық мамандардың көптеп қатысқанын аңғаруға болады. Қызметте жүрген мамандармен қатар, болашақ сала мамандарын тәрбиелеп, білім беру бағытында еңбек сіңіріп жүрген ғалым-ұстаздар да дауыс беруге қатысты. Солардың бірі – Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дегі VERITAS артықшылық орталығының жетекшісі Ернат Қожахметов.
Сонымен қатар, орталық жетекшісі АЭС құрылысы туралы референдум азаматтарға энергетикадағы жаһандық трендтер мен климаттық өзгерістерді талқылауға қатысуға мүмкіндік беретінін алға тартты.