KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

“Конституциялық құқығымды пайдаландым” - Игорь Снегирев

Бүгін, 18:30 6 Айна Ескенқызы

Өнер саласы да елдегі саяси-экономикалық тұрғыда маңызды науқанда дауыс беруде белсенділік танытты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының қызметкерлері АЭС салу бойынша дауыс беруде көлеңкеде қалмады. Көппен бірге өз үлесін қосуға ат басын бұрған театрдың орыс труппасының актері Игорь Снегирев Заң берген құқықты пайдалану керектігін тілге тиек етті. 

- Мен өзімнің еркімді білдіретін заңды әрі Конституциялық құқығымды пайдалану үшін әрдайым әртүрлі дауыс беруге мүмкіндігінше қатысуға тырысамын. Өйткені түпкілікті нәтиже – тек біздің өңірде ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында маңызды мемлекеттік шешім қабылдау біздің еліміздің әрбір азаматының жеке қатысуына, дауысына байланысты болады. Міне, осы жолы да, бүкілхалықтық референдум өткізу барысында мен де Қазақстанның көптеген басқа азаматтары сияқты өзімнің азаматтық борышымды орындадым. Олардың әрқайсысы қоғамның дамуы мен алға жылжуы үшін белсенді қоғамдық ұстанымға сүйене отырып, өздерінің жеке сенімдері негізінде өз таңдауын жасағанына сенімдімін, - деп қорытты өз ойын өнерлі маман.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив