Alash Pride чемпионы Зайсан ауданында дауыс берді
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әйелдер арасындағы ережесіз жекпе-жектен әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғап жүрген, «Бопай» атымен танымал қазақтың қайсар қызы Зәмзәгүл Файзолланова Жаңатұрмыс ауылындағы учаскеде өз дауысын берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өз азаматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмады.
Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, 100 жылдық мерейтойлық Alash Pride турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.
Оқи отырыңыз