Александр Галсанов: "Халықтық ерік білдірудің оңтайлы түрі - референдум"

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсанов бүкілхалықтық референдумнан тыс қалмай, азаматтық борышын өткеріп өз даусын берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мен бұл маңызды және қажетті іс екеніне сенімдімін, өйткені референдумға қатысу еліміздің болашағына әсер етпек, оның нәтижелеріне тікелй ықпалы болмақ. Екінші жағынан, Жаңа Қазақстанның құрылысы үшін, салмақты әрі объективті шешім қабылдау үшін халықтық ерік білдірудің неғұрлым оңтайлы форматы осындай референдум өткізу болып табылады.
Біз өмірдің бір орында тұрмайтынын, экономиканы, әлеуметтік-мәдени саланы одан әрі дамыту қажет екенін жақсы әрі терең түсінеміз. Бұл жерде барлық игі бастамаларға барынша белсенді қатысатын жас ұрпаққа үлкен үміт артылады. Өз басым бүкіл әлемде болып жатқан жаһандық өзгерістер контекстіндегі елдің қажеттіліктеріне сүйене отырып, дауыс бердім. Мәдениет саласына қатысым бола тұра, әрқайсымыздың қабылдаған шешіміміз бен жасаған таңдауымыз Қазақстанның болашағы үшін тікелей маңызы бар екенін түсінемін, - деді өңірге танымал мәдениет қайраткері.

Оқи отырыңыз
«Бұл референдум – еліміздің болашағына жасалған маңызды қадам» - Шәкәрім БұқтығұтовМоноқала Риддерде мәдениет қайраткері Галина Чапаниди референдумға қатыстыРеферендум: Шығысқазақстандық бүркітші қыз өз таңдауын жасадыНұрымбет Сақтағанов: «Референдум - тәуелсіз елдің еркін қадамының айғағы»Дәрігерлер алғашқылардың бірі болып дауыс берді