KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Бозанбайлық құсбегі отбасымен келіп дауыс берді

6.10.2024, 19:00 506 Ержан Әбіш

Дәстүрді құрметтеумен және белсенді өмір ұстанымымен танымал бұл отбасы азаматтық жауапкершілігіне қаншалықты құрметпен қарайтынын көрсетті. Бүгін Бозанбай ауылындағы Нажитбан отбасы ел үшін маңызды оқиға - референдумға қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Нажитбан отбасы 9 адамнан тұрады. Отағасы Нажитбан Маркс жылдар бойы құсбегілікпен айналысып келеді. Бұл көне кәсіпті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бүгінде өзі ғана емес, балалары да осы өнерді жалғастыруда. Нажитбанның жұбайы Олшан Шакерман – жеке кәсіпкер, ол «Асылай» атты туризм саласында қызмет атқарып, өз кәсібін дамытып отыр.

Отбасының үлкен қызы Маркс Ақжан «Айтас» құс фабрикасында жұмыс істейді, ал ұлы Маркс Бақмерей жекпе-жек күресінде бірнеше жүлдеге ие болған спортшы. Кенже қызы Асылы Бозанбай орта мектебінің 3-сынып оқушысы. Отбасының ортаңғы балалары – Бақжан мен Айзере, бала кездерінен бастап құсбегілікке қызығушылық танытып, әкесінің жолын қуып келеді. Әсіресе Айзере бірнеше республикалық бүркітшілер байқауының жүлдегері атанып, өзінің осы саладағы шеберлігін дәлелдеді.

- Бүгінгі дауыс беру тамаша ұйымдастырылыпты, қоғамның мемлекеттік маңызы бар мәселелерге жоғары қызығушылығына куәміз. Азаматтардың учаскелерге ағыны едәуір екен, біз де отбасымызбен ел тағдырына қасты мәселеде дауыс беруге жауапкершілікпен қарап келіп отырмыз. "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" дейміз, біз бала күнінен өз ұрпағымызға азаматтық белсенділікті сіңірудеміз, - деді отағасы.

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу