Exit poll: Халықтың 72,3%-ы АЭС құрылысын қолдаған
Фото: depositphotos.com
Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», - деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде.
Оның айтуынша, сауалнаманы Exit poll әдістемесі бойынша арнайы оқытылған кәсіби интервьюерлер жүргізген.
«Сауалнама нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы Қазақстан АЭС құрысына келісемін деп дауыс берген, ал қарама-қарсы пікірді 27,2 пайызы білдірген», - деді М.Өмірзақов.
Оқи отырыңыз