Шығыс Қазақстан облысының орталығында мотоцикл жүргізушісі бағанаға соғылып, қаза болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне жүгінсек, ИЖ ЮПИТЕР 5 мотоциклының 29 жастағы жүргізушісі Абай даңғылымен Согра кентіне бара жатқанда басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылған. Қатты соққы алған жігіт ауруханада қайтыс болды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz