KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Астанаға виртуалды саяхат

5.07.2013, 18:00 233


Астананың туған күніне орай Зырян ауданы орталығындағы «Горняк» мәдениет үйінде «Алтын төрім – Астана» иллюстрациялық кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Көрмеге Астананың суреттері мен бас қаламыз туралы жазылған көптеген кітаптар қойылды. Осы кітаптардың көмегімен Елорданың көрнекті жерлеріне виртуалды саяхат жүргізілді.

Соның ішінде шаһарға ерекше сән беріп тұрған 105 метрлік «Бәйтерек» пен алыстан ағарып көзге шалынатын Ақ Ордаға саяхат жасалды. Қонақтарға Президенттің жұмыс істейтін кабинетін тамашалауға да мүмкіндік туды.

Көрме соңында «Менің Отаным – Қазақстан!» викторинасы ойнатылып, қатысушыларға сыйлықтар берілді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив