Елордалық полицейлер шылым шекпеуге бекінді. Тәртіп сақшыларының мұндай шешімге келуі «Темекіні таста, жаңа өмір баста» атты акцияға байланысты болып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Аталған шараның ережесіне сәйкес қатысушылардың бәрі келісім-сауалнама толтырады. Онда полиция қызметкері бір ай бойы құрамына темекі қосылған заттарды пайдаланбауы тиіс.
Ал ішкі істер қызметінің басшылары болса қарамағындағы жұмыскерлерінің темекіні тастағанын мүмкіндігінше бақылап жүруі керек. Бірақ акцияның негізгі мақсаты адамдарды темекіден ерікті әрі саналы түрде түбегейлі бас тартуға шақыру.