KZ
Өскемен
+2°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Жармалықтар темекіні кәмпитке алмастыруды жалғастырды

13.08.2013, 18:00 432


Жарма ауданында ұйымдастырылған «Темекіні таста, жаңа өмірді баста» аудандық акциясы өз жалғасын тапты. Аталмыш шара Әуезов кентінен кейін Жарық елді мекенінде де өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аудандық ішкі саясат бөлімі мен жастардың бастамасымен қолға алынған шара осы күні тұрғындар арасында өте танымал. Бір сағатқа жетер-жетпес уақытта қыз-жігіттер 2000 –нан астам кәмпитті осыншама темекіге алмастырып үлгерді. Бұған шылым шегушілердің өздері де қуана-қуана келіскендері байқалды. Олардан алынған темекі өнімдері одан кейін өртеліп отырады.

Акцияның соңында салауатты өмір салтын ең үздік насихаттаушылар анықталып, марапатқа бөленді.

Үздік деп танылған Айдар Абыбаев, Самат Жамадилов ұялы телефондарға ие болды. Ал Зоя Мрясова екінші орынды алса, Әйгерім Садықова үшінші орынға шықты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив