KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Темекінің орнына кәмпит ұсынды

4.08.2013, 18:00 219


Жарма ауданындағы Әуезов кентінде аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және Жастар үйінің ұйымдастыруымен «Темекіні таста – жаңа өмірді баста» тақырыбында акция өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Сайыстың ережесі бойынша балалар көшеге шығып, шылым шегетін адамдар арасында сауалнамалар ұйымдастырып, кітапшалар таратып, бір дорба кәмпитті темекіге айырбастау керек болатын. Бір сағат уақыт аралығында барлығы 700-ге жуық темекі талдары жиналған екен.

Нәтижесінде А.Марат 1-орынды жеңіп алып, ұялы телефонға ие болды. Екінші және үшінші орындарды иеленген Қымбат Мұсабаева, Ақтоты мен Мәди Молдахановтарға да сыйлықтар табысталды.

Акция соңында қатысушылар барлық жиналған темекілерді өртеп, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив