KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Бүлдіршіндер жазғы маусымды қызықты өткізуде

24.06.2013, 18:00 153


Семей қаласындағы №1 «Арман» ясли-бақшасында бүлдіршіндердің жазғы маусымды қызықты әрі көңілді өткізуі үшін барлық жағдайлар жасалынған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мекемеде «Серуендейміз, ойнаймыз», «Ойыншықтар күні», «Ертегілер күні» сияқты тақырыптық күндер мен биологиялық орталыққа саяхат ұйымдастырылады. Бөбектер күн сайын таза ауада таңғы жаттығулар жасап, эстафеталық жарыстарға шығады.

Балабақшада күнделікті дене шынықтыру шаралары ұсақ тастарды пайдалану арқылы жүзеге асады, табанға арналған шынықтыру жаттығулары жасалады.

«Қазіргі кезде ата-ана мен балабақша арасындағы ортақ міндет - бала тәрбиесі. Ата-ана үшін баласы өмірінің жалғасы, мақтанышы болса, балабақшадағы тәрбиешілер үшін - еңбектерінің жемісі. Сол себепті де біз бірлесе отырып, бүлдіршіндердің дені сау болып өсуіне ықпал етуге міндеттіміз» дейді №1 «Арман» ясли-бақшасының әдіскері А.Т. Тұтқышева.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив