KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Бүлдіршіндер арасындағы мықтылар анықталды

15.08.2013, 18:00 97


Семей қаласындағы №12 «Ажар» ясли-бақшасында бүлдіршіндер «Ажар мықтылары» спорттық сайысында өз күштерін сынады. Жарыстарға қатысқан «Аяла» тобынан «Қыран» командасы және «Күншуақ» тобының «Непоседы» командасы сайыстардың 9 түрінен жарысты.

"Еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер, сондықтан денсаулықтары мықты болсын деген ниетпен осындай қызықты спорттық ойын өткізуді жөн көрдік. Балалар белсенділік танытып, сайысқа қызығушылықпен қатысты. Бақшамыздың ұлдары мықтылықтарын көрсете білді. Ойын соныңда жақсы ойын, табандылық көрсеткендері үшін екі команданың ойыншылары да балабақша атынан мақтау қағаздармен марапатталды. Ата-аналар да ризашылықтарын білдіріп жатыр", дейді балалар мекемесінің А.Төлахметова.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив