KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

«Светлячок» жазғы лагері көңілді мереке сыйлайды

25.06.2013, 18:00 184


Курчатов қаласы № 3 орта мектеп жанындағы «Светлячок» жазғы лагерінің ашылу салтанаты көңілді мерекеге ұласты, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Балғындарға арналған мереке Ириска мен Клуня есімді көңілді майрампаздардың қызықты өнерлерін тамашалаумен басталды. Майрампаздар күтпеген жерден пайда болып, жиналған көпшіліктің назарын бірден баурап, мерекенің сәнін келтірді.

«Светлячок» жазғы лагері көңілді мереке сыйлайдыБірде қай жерден шыққаны белгісіз, Нюша пайда болды...Бұл балалар үшін мүлде күтпеген қызықты жағдай еді. Мұндай қонақты «Светлячок» лагерінің ұжымы қуана қарсы алды. Балалардың онымен қол беріп амандасқысы, ұстап көргісі келеді. Нағыз мультфильм дерсің.

Балалар «Светлячок» демалыс лагерінің ашылу салтанатында осылайша көңіл көтерді. Лагерьдің атауымен байланысты ма, әлде шындығында да солай ма, бізге бір шатырдың астында көптеген шамшырақтар: ұлдар мен қыздар жиналғандай болып көрінді. Тіпті балалардың айғай-шуы да мерекелік көңіл- күйді бұза алған жоқ.

Ю.Королева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив