Зырян ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталығында жеңілдік санатындағы азаматтар үшін шаштараз жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Н.Сапрыкинаның айтуынша, осы тегін қызметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл қызметкерлері, жалпы аурудың бірінші және екінші тобының мүгедектері, сондай-ақ үй қызметінде тұрған мүгедек-балалар мен жалғыз тұратын қарттар пайдалана алады.
Орталық мемлекеттік емес меншік нысандарының стационарлы түрінің медико-әлеуметтік ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Зырян ауданында осындай үш ұйым бар.
Осы жылы шаштараздар Парыгино ауылының «Живая вода» қайырымдылық үйіне екі рет барып қайтыпты. 35 адам шаштаразшының қызметтерін пайдаланған.