KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
441.44 473.09 4.75

Мемлекеттік емес ұйым тұрмысы нашар жандарға әлеуметтік көмек көрсетіп отыр

28.04.2013, 18:00 102


Шемонайха ауданындағы «Первомайка оқу өндірістік комбинаты» мемлекеттік емес ұйымы Первомайка және Прапорщиково ауылдарындағы тұрмыс жағдайы нашар қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

15 жылдан бері ауыл жастарын жұмыспен қамту, тұрғындардың проблемаларын шешу мәселелерімен айналысып, жергілікті жерде өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келе жатқан ұйым енді қарттар мен балаларға көмек қолын созуда.

«Біздің мақсатымыз - қоғамнан қалтарыста қалып, қамқорлықтан қағылып отырған тұрғындарды тауып, тиесілі көмектер көрсету. Первомайкада 32, Прапорщиковода 18 жанға қол ұшын бермекпіз. Тұрмыс жағдайы нашар, ауру меңдеген қариялар мен мүгедек балалар енді арнайы мүгедектер арбасына ие болып, жалғызілікті жандар қарттар үйіне орналастырылатын болады», – дейді аталған ұйымның төрайымы Гүлбаршын Қасиманова.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив