KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,9 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Ыстық тамақ пен жатын орын беріледі

9.10.2013, 18:00 109


Зырян қаласында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 50 төсек-орындық әлеуметтік бейімделу орталығы ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұнда тұратын жері мен құжаттары жоқ адамдар үшін жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Орталық қызметкерлері келушілерді күнделікті таңғы сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін қабылдамақ.

Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделу орталығында түнгі қабылдау бөлімшесі де жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, орталық қызметіне жүгінушілерге ыстық тамақ пен жатын орны ұсынылатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив