KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Жол сақшылары тұрғындармен үлкен жолда кездесті

23.06.2013, 18:00 119


Облыстық ІІД жол полициясы басқармасы «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесе отырып, Шемонайха ауданында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жалпы, жолда қабылдау республикалық акциясы бұған дейін Глубокое ауданында да өткізілген болатын.
Акция аясында жол полициясы қызметкерлері аудан халқымен бірнеше кездесу өткізіп, тұрғындарға жан-жақты кеңес берді.

Кездесулер барысында мамандар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері төңірегіндегі тұрғындар сауалдарына тұшымды жауап қайтарды. Сондай-ақ, азаматтар арасында арнайы сауалнама да жүргізілді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив