KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Өнерлі өрге жүзер

20.06.2013, 18:00 132


1972 жылдан бастап Катонқарағай ауданында қызмет етіп келе жатқан балалар музыка мектебінің 12 мұғалімі 103 оқушыға дәріс береді.Мектептің Новохайрузовка және Солоновка ауылдарында филиалдары жұмыс істейді.

Музыка мектебінің оқушылары үнемі облыстық , аудандық «Шабыт»,«Саулетай» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Олардың ішінде мектептің оқушысы Мирас Ерболов «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша тоғызыншы республикалық «Күншуақ» фестиваль – байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. Сайранбек Малика, Мирас Ерболов, Жұмағұлова Мөлдір, Аширбекова Маржан сынды оқушылар да түрлі деңгейдегі өнер сайыстарының жеңімпаздары.

Аудандағы барлық мерекелік шаралар аталған музыка мектебінің қатысусыз өтпейді. Расында да музыка мектебінің педагогикалық ұжымы оқушылар бойына эстетикалық талғам,әдемілікті,әсемдікті сезіну қабілеттерін қалыптастыру бағытында Роза Нұғыманова, Любовь Заверталюк, Надежда Самойлова,Талғат Байгереев,Даулетхан Немерхан тағы сол сияқты ұстаздарымыздың өзіндік үлестері көп.

Жуықта саз мектебінің оқушылары тұрғындар алдында шығармашылық концерт берді. «Өнерлі өрге жүзер» атты бұл шығармашылық концертте көрерменге қазақтың күмбірлеген күйлері, отандық және жергілікті композиторлардың сөздеріне жазылған әндер, ұлттық және шетелдік билер тарту етілді

Аталған шараға қатысқан ата – аналар, әріптестері, осы кештің құрметті қонақтары, жалпы , ән сүйер қауым мектептің ұстаздары мен оқушыларына зор алғыстарын білдірді.

Мәлімет көзі Altaynews. kz
Тұрсынхан БАЗАРБАЕВ




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив