KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Күршімдік Ақтолқын халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

17.05.2018, 09:58 113

«Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық» деп дана халқымыз айтқандай, өнер саласына қанат сермеген жас оның ұшар шыңына шығып, қыр-сырын әбден меңгеруге талпына түсетіні рас. Тек жігері мен талабы мұқалмаса болғаны. №1 Күршім орта мектебінің 11 «а» сынып оқушысы Ақтолқын Жансапова 8 жасынан бастап би өнерін үйреніп, бүгінгі мақсаты кәсіби маман атану.


Алғашқы ұстазы Ғалия Омашпаева Күршім балалар музыка мектебінің хореография бөлімінде бес жыл бойы би әлемінің теориялық және тәжірибелік білім алады. Білімін әрдайым ұштап, мектепішілік, аудандық шаралардан тыс қалмай, өнерін шыңдап отырды. Осы тұста Ақтолқын жеке биші ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірген аяулы ұстазы, марқұм Маржан Сағидолдинаның еңбегін атап өтті.


-  Ғалия апай әр бидің тарихынан заман талабына сай енген жаңа үлгілері туралы да айтып, теориялық тұрғыда шеберлігімізді тереңдетті. Ал Маржан апай жеке биші ретінде дара мінезі мен өзіндік стиль ұстана көрерменді баурап алуға үйретті. Осы апайларға ризашылығым зор,-деді Ақтолқын Ақылбекқызы.


Жас өнерпаз - аудандық «Биле-Биле-2018» байқауының Бас жүлдегері. Қазылар алқасының сынына салған «Ерке бала» биінде актерлік шеберлігін барынша ақтара түсті. Аудандық байқау 9-мамыр күні Алматы қаласында «Жеті өнер» шығармашылық орталығының ұйымдастырған конкурсына алғышарт іспеттес болды. Осы биін Қазақстан Жазушылар одағы ғимаратының акт залында өткен ІІ халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсында ұсынған Ақтолқын топ жарып, еліміздің әр өңірінен келген өнерлі балаларды басып озды.  Әділқазылар алқасының шешімімен күршімдік биші қыз көрсеткен айырықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін «Хореографиялық өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив