Ақжар ауылындағы балалар саз мектебінің оқушылары тағы да жеңіс шыңынан көрінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық ән байқауында баян сыныбының оқушысы Арай Маратбекова жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, облыстық білім басқармасы, «Нұр Орда» халықаралық мектебінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлығына ие болды.
Сондай-ақ, домбыра сыныбында оқитын Жансая Құмарова балалар мен жасөспірімдер арасында өткен республикалық байқауда халық аспаптары бөлімі бойынша 2-орынды, қобыз сыныбының оқушысы Мөлдір Арғынова 3-орынды иеленді.
Бибігүл Баймұратова