KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Үржардың 15 өнерпаз бүлдіршіні олжамен оралды

19.04.2018, 09:37 148

Е.Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебінің өнерпаздары Өскемен қаласында өткен бірінші аймақтық «Медианта», «Сиқырлы лира» байқауларына қатысып, үлкен олжамен оралды.


Облысымыздың түгелге жуық ауданы мен қаласынан жиналған жас таланттар байқауында қатысушылар қазақтың және орыстың ұлттық аспаптарымен музыкалық шығармалар орындап, өзара үздікті анықтады.


Жоғары оқу орындары мен өнер колледждерінің оқытушыларынан құрылған әділқазылар алқасы әсіресе үржарлық жас музыканттардың шеберлігін жоғары бағалады. Байқауға жергілікті музыка мектебі атынан қатысқан оқушылардың 15-і де тамаша өнер көрсетіп, барлығының қанжығасы майланды. Сайыс қорытындысы бойынша үржарлық өнерпаздар бір бас жүлде, екі екінші орын, жеті үшінші орын жеңіп алды. Тағы бес оқушы байқау дипломанты атанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив