KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Кезек күтпей қалай ақша аударуға болады?

9.06.2013, 18:00 210


– Әдетте, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның облыстағы бөлімшелеріне ақша аударуға барғанда кассаға кезек көп болады, бұл уақытымызды алып жүр. Тағы қандай жолдармен кезексіз ақша аударуға болады?

Құралай Мейрамова
Өскемен.

Сауалға «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Н.Күзембаев жауап береді:

-Банк филиалдарының кассаларында кезек көп болған жағдайда, банкке келушілер жинақ шотын толықтыру және заемды өтеу бойынша негізгі операцияларды мынадай баламалы тәсілдермен іске асыра алады:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Қазком» АҚ банкоматтары арқылы ақша салу «on-line» түзімінде жүргізіледі;
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы ақша салу үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның «Жеке тұлғаларға арналған интернет-банкингімен» ақша салу «on-line» түзімінде жүргізіледі;
«БТА Банк» АҚ төлем терминалдарымен ақша салу әрбір 30 минут сайын жүргізіледі;
«Еуразиялық Банк» АҚ бөлімшелері арқылы ақша салу келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
Кез келген екінші деңгейдегі банктер арқылы.

Банк серіктестерінің бөлімшелерінде жүргізілген төлемдер үшін комиссия олардың ішкі саясаттарында белгіленген тарифтерге сәйкес алына-тындығына назар аударған жөн.

Дәурен Аллабергенұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив