KZ
Өскемен
-5°
плотный туман жел 2 м/с, З
479.71 533.77 5.16

ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының iD-орталығында бүлдіршіндер бұрышы ашылды

4.06.2013, 18:00 134


Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында бүлдіршіндер бұрышын ашты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі дирекцияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұдан былай сервис желі пунктіне балаларымен келген абоненттер өзімен кезекте тұрып зеріккен балдырғаны үшін уайымдамаса да болады. Балалар үстелі, орындықтар, жұмсақ ойыншықтар, ашық түсті бояулар, қарындаштар мен фломастерлердің жиыны, түрлі-түсті борлары бар шағын мектеп тақтасы – бәрі-бәрі бүлдіршіндердің құзырына беріледі.

ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының iD-орталығында бүлдіршіндер бұрышы ашылды
ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының iD-орталығында бүлдіршіндер бұрышы ашылды
ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының iD-орталығында бүлдіршіндер бұрышы ашылды

Бүлдіршіндер бұрышын ашу рәсіміне Бас директордың орынбасары , коммерциялық директор Петр Давыдов қатысты.
«Біз өз абоненттерімізге мейілінше икемді болуға, хабарласқан әрбір жанға жайғасымды жайды ұсынуға тырысамыз. Бүгін сіздер iD-орталығында бүлдіршіндер бұрышының ашылуына куә болдыңыздар. Енді ата-аналарымен келген бүлдіршіндер тақтада сурет салып, конструкторлармен ойнап, боямаларды әдемілеп бояй алады» - деді Петр Давыдов құттықтау сөзінде.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив