KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

«Балғын мисс Өскемен-2013» тәжін бес жасар Мариям Тұрғанбек киді

3.06.2013, 18:00 93


Өскемен қаласында балғын сұлуды анықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Флер» модельдік агенттігінің ұйымдастыруымен өткен «Балғын мисс Өскемен-2013» байқауына 4 пен 11 жас аралығындағы қыздар қатысты. Балғын арулар сынына түскендер сахнаға қазақтың ұлттық киімінде шығып, одан кейін өз таланттарын ортаға салды.

Жарыс шарты бойынша би конкурсына қатысып, кешкі киім үлгісін де көрсетті. Туғандары мен жанкүйерлердің қолдауын сезінген балғын бикештер барлық сыннан сүрінбей өтті.

Қызықты да тартысты өткен байқаудың қорытындысында «Балғын мисс Өскемен-2013» тәжін бес жасар Мариям Тұрғанбек киді. Төрт жастағы Арина Корешкова «Балғын ханшайым» атағына лайық деп табылды. Бірінші вице-мисс лентасын он жастағы Жасмин Мусин тақты. Ал екінші вице-мисс лентасы Анастасия Лесниковаға бұйырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив