KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Риддерліктер ең сүйкімді балғын бикешті анықтады

30.05.2013, 18:00 163


Риддерліктер ең сүйкімді балғын бикешті анықтады. Мәдениет сарайының театр залында өткен балғын бикештердің байқауына 7-10 жас аралығындағы қыз балалар қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Байқаудың үміткерлері өздерінің таланттарын, актерлік шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы өте талапшыл, бірақ әділ болды. Оған оқушылар үйіндегі жалпы бөлімінің хореографы Татьяна Казновская төрағалық етті. Байқау қорытындысында «Мисс Очаровашка» атағын оқу-тәрбие орталығы гимназиясының оқушысы Аня Екимова жеңіп алып, оған марапат лентасы тағылып, арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Қалған байқау қатысушылары да сый-сияпаттардан құр қалған жоқ. Олар басқа аталымдар бойынша марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Байқау риддерліктердің есінде қаларлықтай өтті. Аталмыш шара келесі жылы тағы да жалғасын таппақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив